Екі қазақстандық боксшы Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

1344

Бүгін, 26 қазанда тағы екі қазақстандық бокс шебері жекпе-жек өткізеді.

Екі қазақстандық боксшы Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Белградта бокстан Әлем чемпионатының алғашқы күні рингке бірден екі қазақстандық спортшы шықты. Сонымен, 57 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов Азияның қазіргі чемпионы моңғолиялық Энх-Амар Хархуды жеңді. Ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Жекпе-жек барысында және одан кейінгі кезең жанкүйерлердің есінде екі қызықты сәтпен есте қалды. Екінші раундта жекпе-жек тоқтатылды. Төреші медициналық себептерге байланысты моңғол спортшысы кездесуді жалғастыра алмайды деп қорықты. Ал жеңімпаз белгілі болған кезде Теміржановтың бұрышы аталды. Оған қоса оның Моңғолиядан келген қарсыласының аты мен елі де аталды. Бірақ, кейін бәрі ретке келді.

Павлодар бокс мектебі түлегінің келесі қарсыласы жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы жапониялық Рейто Цуцуми болмақ.

Одан кейін рингке Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов шықты. 67 келіге дейінгі салмақта алғашқы белдесуде ол Қытайдың Тайпейінен келген Лин Юмен кездесті. Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері бұл турнирді еш қиындықсыз бастады. Екінші айналымда атақты Абай бокс мектебінің өкілі венесуэлалық Кристиан Паласиомен жұдырықтасады.

Бүгін, 26 қазанда тағы екі бокс шебері жекпе-жек өткізеді. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа қарсы кездесу өткізеді. Олар кешкі сессияда рингке алғашқы болып шығады. Ал 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Раис черногориялық Стефан Савковичпен жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі бесінші жұп, сондай-ақ жарыс күнінің екінші бөлігінде өтеді.

Бокс жанкүйерлері Әлем чемпионатын тікелей эфирде тамашалай алады. Көрсетілімді Qazsport телеарнасы ұйымдастырды. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де, кешкі сессия 22:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу