Алдымен Оразбек Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Мохамад Зүльхайнмен жұдырықтасты. Ол қарсыласын екінші раундта-ақ мерзімінен бұрын, нокаутпен ұтты.
Бейбарыс Жексен 60 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дилшод Абдумуродовпен қарсы келді. Бірінші раундта Бейбарыс 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші кезеңде төрешілер басымдықты түгелдей Жексенге берді. Қорытынды есеп – 4:1, Бейбарыстың пайдасында.
Осылайша, Бейбарыс Жексен де ширек финалға жолдама алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу