Екі дүркін Африка чемпионы "Астанаға" ауысты

620

Танымал шабандоз Хенок Мулюбырхан енді "Астана" намысын қорғайтын болады.

Екі дүркін Африка чемпионы "Астанаға" ауысты Фото: astanaproteam.kz

23 жастағы эритреялық шабандоз Хенок Мулюбырхан келесі екі маусымда (2024 және 2025) қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасында өнер көрсетеді.

"Мен Astana Qazaqstan Team командасының сапына қосылғаныма өте қуаныштымын. Алға қадам басып, Әлемдік Турда өнер көрсетуді армандадым және сол арман орындалып жатыр. Бұрынғы командамда екі жыл өткіздім. Жақсы уақыт болды деп айта аламын, сондықтан осы екі маусым үшін командаға ризамын. Бірақ қазір алға жылжудың уақыты келді деп ойлаймын. Астананың бір бөлігі болуға, жеке және командалық жоғары нәтижелерге ұмтылу үшін өзімді жақсы жағынан көрсетуге шындап кірісемін. Мен үшін басты мақсаттардың бірі - Гранд Турлардағы нәтижелерімді жақсарту, үлкен әрі баға жетпес тәжірибе жинақтау. "Астана" - тамаша команда. Пелотондағы ең үздіктердің бірі және осы аты аңызға айналған команданың бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Маған сенім артқан Astana QazaqstanTeam командасына және оның бас менеджері Александр Винокуровқа алғыс айтқым келеді. Ұжыммен бірге жетістікке жету үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын", – дейді Хенок Мулюбырхан.

Хенок Мулюбырхан – топтық жарыста екі дүркін Африка чемпионы (2022 және 2023), Руанда турының (2023), "Цинхай көлдері турының" (2023) жеңімпазы.

"Хенок құрлықтық деңгейде маңызды нәтижелерімен маусымды тамаша өткізуде. Оған қазір тек қана шабандоз ретінде дамуы үшін жаңа қадам жасау керек сияқты. Өйткені Хеноктың командаға жақсы нәтижелер әкелетін мықты кәсіби шабандоз болуға толық мүмкіндігі бар деп есептейміз. Біз екі жылдық келісімге қол қойдық. Бірлескен жұмысымыз сәтті болады деп сенеміз", - деді Astana QazaqstanTeam бас менеджері Александр Винокуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу