Екі қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

1026

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатына 104 елден келген 600-ден аса былғары қолғап шебері қатысуда.

Екі қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай шаршы алаңға шықты. 48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Ташкенбай ринг қожайыны Шодиер Меликузиевпен кездесті. Бірінші және екінші кезеңде қазақстандық басым түсті. Төрешілердің шешімімен Санжар үш раундтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, Санжар  Тәшкенбай жастар арасындағы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы. 54 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қазақстандық Үндістан өкілі Сачин Сачинмен кездеседі.

Сонымен қатар Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық Махмұд Сабырхан да жеңіспен бастады. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финал кезеңінде қазақстандыққа венгриялық Иштван Шака қарсы шықты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабырханға берді.

7-мамырда Қазақстан құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шықты. Оның ішінде Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) алғашқы жекпе-жегінде сенсациялық жеңіліске ұшырап, әлем чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Қамшыбек Коңқабаев ширек финалға жолдама алды. 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Коңқабаев сириялық Мохаммед Млайесті сенімді түрде жеңді. Сондай-ақ Серік Теміржанов (57 келіге дейін) пен Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу