Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының екінші айналымына шықты

1195

Бокстан Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні бірнеше жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының қарсыластары анықталды.

Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының екінші айналымына шықты

Жеребе нәтижесі бойынша жарыстың алғашқы күні төрт қазақстандық боксшы рингке шықты. Бірақ олардың екеуі ғана келесі кезеңге жолдама алды.

49 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Даниял Сәбит әлі шаршы алаңға шыққан жоқ. Бірақ осы салмақ дәрежесі бойынша жарыстың фавориттерінің бірі - қырғызстандық Мирлана Түркбай Уулының қарсыласы анықталды. Ол Моңғолиядан келген Унуболд Орхонтунгалаг.

Қазақстандық Сәкен Бибосыновтың қарсыласы алдын-ала белгілі болатын. Ол Азия чемпионы үндістандық Амит Пангал. Ал 56 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан күтпеген жерден төрешілердің шешімімен жарысты аяқтады.

60 келіге дейін салмақта Серік Теміржанов та қарсыласына жол берді. Ал Өзбекстан құрамасы бұл дивизионда өз боксшысын сақтап қалды. Абдумалик Халоков Лаостан келген қарсыласын жеңді.

Қазақстандық боксшылар арасынан турнирді жеңіспен бастағандардың бірі Закир Сафиуллин болды (64 келіге дейін). Ол 1-кезеңде ирандық Ашкан Резаиді жеңді. Оның келесі қарсыласы - Моңғолияның атақты боксшыларның бірі Чинзориг Баатарсух.

69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіповтың қарсыласы алдын ала белгілі болатын. Ол тағы бір Азия чемпионы өзбександық Бобо-Усмон Батуровпен жұдырықтасады.

75 келіге дейін Әбілхан Аманқұл екінші айналымға жекпе-жексіз өтті. Алғашқы айналымда ол кувейттік Саид Альбахранимен кездесуі керек еді. Бірақ ол жекпе-жекке келген жоқ. 2017-жылғы әлемнің вице-чемпионы енді турнирдің тағы бір фавориті - үндістандық Айниш Кумармен кездеседі.

Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовтің де (81 келіге дейін) қарсыласы анықталды. Ол ирандық Мейсам Гешлаги. Ал Василий Левит (91 келіге дейін) ирандық Эхсан Рузбаханиға қарсы шаршы алаңға шығады.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Коңқабаев жекпе-жекті үндістандық Нарендермен кездесумен бастайды. Ал оның осы турнирдегі басты бәсекелесі өзбекстандық Баходир Джалолов тәжікстандық Сиювош Зухуровпен жекпе-жекке шығады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу