Екі команда да тең түсті

2398

14–наурыз күні Алматы қаласында Қазақстан Премьер-лигасында алғаш рет жанкүйерлерсіз өткен, "Жетісу" мен қостанайлық "Тобыл" арасындағы кездесу тең нәтижемен аяқталды

Екі команда да тең түсті

Қазақстан футбол федерациясының сертификациялау және лизензиялау бөлімі жетісулықтарға Талдықорғандағы стадионда ойнауға рұқсат бермегендіктен, олар кездесуді Алматы қаласындағы "Жас Қаран" стадионында өткізуге мәжбүр болды. Бұған дейін дәл осы алаңда елордалық "Астана" мен "Ордабасы" кездесу өткізген болатын.

"Жетісу" мен "Тобыл" арасындағы кездесу бірқалыпты өтті. Қарсыластар қақпасына төнген қауіпті сәттер өте аз болды. Сондықтан қақпаға бағытталған бір соққымен шектелген ойында есеп ашылмауы қалыпты жағдай еді. Осылайша екі команда да турнирлік кестеде "Астана" мен "Қайратты" қуып жету мүмкіндігінен айырылып қалды.

"Екі ұпай жоғалттық деп ойлаймын. Кездесу барысында гол соғуға қанша тырысқандарымызбен, қарсыластарымыз қорғаныста өте мықты болды. Команда ойыншыларының барлығы да қақпа маңында жүрді деуге болады. Сол себепті қостанайлықтардың қақпасынан саңылау таубу өте қиынға соқты, - деді матч аяқталған соң "Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян. –Дегенмен, бізде 5-6 мүмкіндік болды. Ең бастысы гол жіберген жоқпыз. Кездесудің астмосферасын айтар болсақ, эмоция жетіспеді. Жаттығу болып жатқандай әсер қалдырды. Өкінішке орай қазір бүкіл Әлем осындай қиындыққа тап болды. Және олардың арасында біз де бармыз. Жанкүйерлерсіз өткізу жайлы УЕФА мәлімдеді. Біз футболшыларымызбен жанкүйерлердің денсаулығы жайлы ойлауымыз керек. Екі ұпай жоғалтқанымыз өкінішті, әрине. Алайда бұл қонақта өткен ойын. Ештеңе етпес, - деп қоса кетті ол.

Жанкүйерлерсіз өткен тағы бір ойын, ол павлодарлық "Ертіс" Петропавлдың "Қызыл-Жар" командасымен ойнады. Бұл кездесуде де есеп тең нәтижемен аяқталды. Ойынның 18-минутында Александр Соколенко есеп ашты. Ал, 42-минутта Карлос Фонсека есепті теңестірді. .

Алғашқы таймдағы үзілістен соң "Ертіс" алаң қожайындарына қысым көрсеткенімен, таблодағы көрсеткіш өзгере қоймады. Нәтижесінде ойын 1:1 есебімен аяқталды. Екі футбол клубы да осы маусымдағы алғашқы ұпайларына ие болды. Сонымен, турнирлік кестеде "Ертіс" 7-орынға, ал "Қызыл-Жар" 8-орынға жайғасты.

Сондай-ақ, жексенбі күні "Каспий" - "Астана", "Шахтер" – "Қайрат", "Окжетпес" – "Қайсар", "Тараз" – "Ордабасы" командалары  арасындағы ойындар жанкүйерлерсіз өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу