"Екібастұз" клубы кімге ұнамады?

2867

"Екібастұз" футбол клубы жабылудың аз-ақ алдында тұр. 

"Екібастұз" клубы кімге ұнамады?

"Батыр", "Энергетик", "Экибастузец", "Угольщик" аттарымен таныс "Екібастұз" футбол клубының тарихы бай. Атауы өзгергенімен команданың дәстүрі мен таланттар шығару тәртібі еш өзгермей келді. Павлодар облысындағы футболға бөлінетін қаржыны қайта қарастыру барысында "Екібастұз" командасы жабылатын болды деген ақпарат жанкүйер жүрегіне қанжардай қадалған еді. Тіпті ол аз болғандай екінші лигада ойнайтын "Ақсу" командасы да жабылып қалудың аз ақ алдында тұр екен. 

"Екібастұз" командасы футболда талай жетістікке қол жеткізді. 1993 жылы команда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сол жылы біріншіліктің үздік сұрмергені болып "Екібастұз" ойыншысы Николай Курганский танылды. Талантты шабуылшы сол жылы 26 рет гол соқты. Ал 1998 жылы клуб Владимир Линчевскийдің баптауымен клуб сол жетістігін қайталаған еді. Ал қазір жетістіктер мен медальдар туралы айту сәл қиындау. Команда 10 жылға жуық уақыт премьер-лигаға көтеріле алмай келеді. Алайда, Екібастұз футболы таланттарға кенде емес.

"Курганский, Шомко, Федин, Спарышев, Есімов. Мен бұл тізімді әлі де жалғастыра аламын. Қалада көптеген жігіттер футболмен өмір сүреді. Жастар үшін серуен құратын дүние онсыз да аз. Ал енді футбол клубын жапса, онда бұл спорт бұл өңірре өлді деп айта берсеңіз болады. Жанкүйер үшін клубты жабады деген қауесет ақпараттың өзі жүрекке ауыр тиеді. Осы жақында мен команда капитаны Айдын Біралинмен сөйлестім. Ол клубтың тағдыры қыл үстінде тұр деп қорқытты" дейді команда жанкүйері Әлібек Даңғарин. 

Ал екінші лигада ойнайтын "Ақсу" клубын жабу қандай ойдан туғанын әкімшіліктегілер ашып айта алмайды. Павлодар облысының бұл командасының да жағдайы шамамен ұқсас. Ал облыс үшін үш футбол клубы қалтаға ауыр соққы секілді көрінеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу