Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, энергетиканы дамыту бағыты аясында негізгі міндеттердің бірі – тұрақты энергия артықшылығын қамтамасыз ету. Серік Жұманғарин жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды жаңғырту, оның ішінде "таза" көмірлік генерацияны және электр беру желілерін дамыту жалғасатынын айтты.
Сала үшін стратегиялық бағдар ретінде елдің 2035 жылға дейінгі бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық теңгерім өзектендіріледі.
"Атом саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2027 жылдың соңына дейін АЭС-тердің жеке қажеттіліктері үшін уранның мемлекеттік стратегиялық қорын қалыптастыру және "Мойынқұм" АЭС бойынша Үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланған. Сала үшін білікті кадрларды даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетін болады", – деді вице-премьер.
Айта кету керек, бұған дейін жастардың атом саласына қызығушылығы артып келе жатқанын жазғанбыз.