Алуа Балқыбекова елімізге екінші алтынды әперді

587

Отандасымыз мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды!

Алуа Балқыбекова елімізге екінші алтынды әперді Фото: Бокс федерациясы

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші алтыны қоржынымызда.

50 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Алуа Балқыбекова қытайлық Ху Мэйиді 5:0 есебімен жеңді. Бұған дейін ол КХДР, Түркия, Марокко және Кения спортшыларынан басым түскен еді.

28 жастағы Алуа Балқыбековада енді әлем чемпионаттарының толық медаль жиынтығы бар: 2025 жылы – алтын, 2022 жылы – күміс, 2023 жылы – қола.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу