Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының ерлер арасында 100 метрге конькимен жүгіруден бәсекелер аяқталды.
Қазақстандық спортшылар Артур Галиев, Никита Важенин, Алтай Жәрдембекұлы және Евгений Кошкин жарыс жолына шықты.
Қортындысында Евгений Кошкин 9.47 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орыннан көрінді.
Алтай Жәрдембекұлы (9.64 секунд) қола жүлдеге бір табан жетпей қалды.
Айта кетрлігі, бұл – Қазақстан құрамасының Харбин қысқы Азия ойындарындағы екінші күміс жүлдесі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу