"Екінші үйі": Словакия президенті Елена Рыбакинаны қабылдап, тарихи жеңісімен құттықтады

444

Рыбакина жыл сайын белгілі бір уақытын Словакияда өткізеді.

"Екінші үйі": Словакия президенті Елена Рыбакинаны қабылдап, тарихи жеңісімен құттықтады Фото: Бейнежазбадан

Словакия президенті Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Президент сарайында қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстан теннисшісін US Open турниріндегі жеңісімен және WTA рейтингінің көшін бастауымен құттықтады.

"Әйелдер теннисіндегі қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы соңғы алты жылдан бері Словакияны өз үйі санайтынын білесіздер ме? Елена Рыбакина халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсеткенімен, Словакия оның екінші үйіне айналды", – деп жазды Пеллегрини әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Рыбакина жыл сайын белгілі бір уақытын Словакияда өткізіп, әлемдегі ірі турнирлерге осы елде дайындалады. Президент мұның Словакияны теннисшінің спорттық жолындағы маңызды орынға айналдырғанын атап өтті.

"Оны Президент сарайында қарсы алып, US Open-дегі жетістігімен жеке құттықтау мен үшін үлкен мәртебе болды", – деді Петер Пеллегрини.

Рыбакина Нью-Йорктегі турнирдің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Осы жетістігінің арқасында ол мансабында алғаш рет WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілді.

US Open-дегі жеңіс Рыбакинаның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші және биылғы Australian Open-нен кейінгі екінші атағы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу