Экология нашарлай түскен Өскеменнен кеткісі келетіндер көп пе?

306

Шығыс Қазақстан орталығындағы халық саны өсіп жатыр.  

Экология нашарлай түскен Өскеменнен кеткісі келетіндер көп пе? Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер әкімнен "Экологиялық мәселенің ушығуы мен уақыт белдеуінің ауысуына байланысты облыстан, оның ішінде Өскеменнен кетіп жатқандар бар ма ма?" деп сұрады.

"Тұрғындардың кетуіне осы мәселелер ықпал етеді деп айта алмаймын. Керісінше, Өскемендегі халық саны өсіп отыр. Мысал үшін айтатын болсам, 2014 жылы Өскеменнің халқы 330-340 мың адам болды. Мен облыста болмаған тоғыз жылға жуық уақыт ішінде Өскемендегі халық саны 60 мыңға өсті. Сондықтан да тұрғындар қаладан кетіп жатыр деп айта алмаймыз", – деді ШҚО әкімі.

Сөзінше, жергілікті әкімдіктер елдімекендерде көрсетілетін медициналық қызмет сапасы, Интернет, жол және сумен жабдықтау мәселесін жақсарту бағытында жұмыс істеп жатыр.

"Қалада экологиялық мәселелер әрдайым болды. Кеңес дәуірінде салынған қалада көп нәрсе ескерілмеді. ГРЭС қаланың жоғарғы жағында салынды, ал қала өзендердің бойында орналасты. ГРЭС-тен жылы су келеді. 2010 жылдың ақпан айында түнде температура -52-ге дейін түскенде, Ертіс ондаған шақырым бойы қатпағаны есімде. Әрине, су көтеріліп, қалаға ылғал келеді және ол шығарындылармен араласады. Адамдар бұл жақ нашар болғандықтан кетіп жатыр дейтін жағдайларды өз басым көрмедім", – деп жалғастырды өңір басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі уақыт белдеуіне қатысты ойын айтқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу