Экономика нығая ма?

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
15463

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылғы қаңтар айының экономикалық қорытындысын шығарды.

Экономика нығая ма? Фото: eurasiancommission.org

Сейсенбі күні өткен үкімет отырысында ол "белгілі бір деңгейде ілгерілеудің байқалатынын" мәлімдеді

"Дәлірек айтсақ, ЖІӨ болжамы бойынша: 2016 жылдың қаңтарына қарағанда биыл қаңтарда 2,4% өсім бар. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор – бұл алты негізгі салада да нық өсім байқалады. Жалпы өсім 3,8%-ға жетті, салалар бойынша: өндіріс – 4,9%, ауыл шаруашылығы – 1%, құрылыс – 7,1%, сауда-саттық – 8%, көлік – 3,5%. Тек қана байланыс саласының көрсеткіші теріс – 97,9%", – деп мәлімдеді министр.

Тарқатып айтсақ, ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тау-кен игеру өнеркәсібі мен кен орындарын ашуда өндіріс 4,5%-ға артса, өңдеу өнеркәсібінде 6,1%-ға, электр қуатымен жабдықтау, газ, бу жіберуде көрсеткіш 2,2%-ға артты. Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесінде, өндіріс қалдықтарын жинау мен бөлуді бақылауда 2,8%-ға төмендеді.

Қаңтар айында жүк айналымының 42,1 млрд т/км (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымын бағалауды ескерсек) немесе былтырғы жылдың қаңтарына қарағанда 4,8%-ға артты. Жолаушы айналымы 21,4 млрд ж/км құрап, 3,7%-ға ұлғайды.

2017 жылдың қаңтар айында бөлшек сауда 3,5%-ға артып, 557,4 млрд теңге болды. Ал биылғы жылдың алғашқы айында көтерме сауда 1122 млрд теңгеге жуықтап, 2016 жылдың осы кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 99,2%-ға жетті.

Тағы бір жағымды фактор – негізгі капиталға салынған инвестицияның өсуі. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауынша, былтырғы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда биыл салынған инвестиция өсімі 27,4%-ды құрады. Ақшалай алғанда қаңтар айында салынған инвестиция 349,3 млрд теңгеге жеткен.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың бірінші ширегінің қорытындысына жүгінсек, елдің экономикалық көрсеткішінде жақсылыққа үміт артудың нышаны да байқалмайтын. ЖІӨ – 2% деп бағаланған болатын, тек 6 ай өткен соң ғана экономика еңсесін тіктей бастады: экономика өсімінің қарқыны 0,1% деп бағаланды. Жыл қорытындысы шығарда ЖІӨ 0,5% болады деп алдын-ала болжанса да ол бір пайызға жетті.

Үкімет 2017 жылдан көп жақсылық күтеді. Өзгертілген макроэкономикалық болжамда ЖІӨ қарқыны 2,5%-ға жетеді деп көзделген, алайда бұған дейінгі болжамда бұл деңгей 1,9%-ды құраған.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу