Экономикалық мәселелерді шешу мемлекеттің басты назарында - Ерлан Қарин

1167

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Президенттің айтқан сөздерінің негізгі түйіндеріне тоқталды. 

Экономикалық мәселелерді шешу мемлекеттің басты назарында - Ерлан Қарин Фото: abai.kz

Мемлекеттік кеңесші Қариннің пікірінше, Мемлекет басшысы өзінің "партияаралық саяси төреші" мәртебесін растап, өз бағытының әлеуметтік бағдарланғанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кеңесші атап өткендей, Президенттің бүгінгі сөзінде мынандай негізгі ойлар айтылды:

Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзінде мынадай негізгі месседждер болды:  
1. Саяси реформалар жалғасады, саяси жүйе одан әрі жаңғыртыла береді.   
2. Қазақстан – дамудың жаңа үрдісін қалыптастырып, түбегейлі реформа жүргізіп жатқан геосаяси төңіректегі бірден-бір мемлекет. 
3. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде алғаш рет Amanat партиясын ғана емес, Парламентке өткен басқа да партияларды атап өтті. Осылайша партиялардан дербес тұрған саяси төреші мәртебесін тағы бір рет көрсетті.  
4. Мемлекеттің басты назары өзекті экономикалық мәселелерді шешу жағына ойысады. 
5. Шағын және орта бизнесті дамыту ісі енді мемлекеттің экономикалық саясатының өзегіне айналады.  
6. Барлық әлеуметтік топ өкілдеріне қатысты мемлекеттік қолдау шараларына тоқталған Президент өзінің саяси бағдарында әлеуметтік мәселелерге баса мән беретінін айқын аңғартты.  
7. Президент ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарлауға қатысты ұстанымдарды жаһандық үдерістерді ескере отырып, қайта қарауды ұсынды.  

"Ең бастысы, Президент басты мақсатына жету, яғни халықтың әл-ауқатын арттырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында өзі бұған дейін ұсынған негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. Бұл қағидаттар – заң үстемдігі, ел бірлігі, әлеуметтік жауапкершілік және ішкі саяси тұрақтылық", - деп түйіндеді Мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу