Мұндай ақпаратты KazFootball.kz сайты жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
41 жастағы қазақстандық маман Мақсат Байжанов жақында ғана "Қайсар" клубының спорт директоры қызметінен кеткен болатын. Бұдан-былай ол Премьер-лигаға шыққан "Каспийдің" басшылық тізгінін ұстауы ықтимал.
Еске салайық, ақтаулық ұжым өткен маусымда Бірінші лигада жеңімпаз атанып, ҚПЛ-ге жолдама алған еді.
Мақсат Байжанов – Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын жергілікті клуб "Қайсардың" құрамында бастады, одан соң түрлі қазақстандық клубта ("Ертіс", "Ақтөбе", "Атырау", "Шахтер", "Жетісу", "Локомотив" (қазіргі "Астана") доп тепті.
Ұлттық құрама сапында Мақсат Байжанов 30 матчқа қатысып, 1 ғана гол соға алған.