Су жаңа директор ретінде 32 жастағы қазақстандық экс-футболшы Дидар Сыдықбек таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол 1993 жылы Алматы қаласында туған. Кәсіби деңгейде "Қызылжар", "Астана-1964", "Ақтөбе" және "Ордабасы" командаларында доп тепкен. Сондай-ақ, Дидар Сыдықбек – Қазақстанның жасөспірім (U-17, U-19), жастар (U-21) және ұлттық құрамаларына шақырылған футболшы.
2012 жылы Қазақстан Бірінші лигасының үздік жас ойыншысы атанғаны тағы бар. Кәсіби мансабын аяқтағаннан соң КФФ жүргізген "ALAN" жобасында инфрақұрылым мәселелері бойынша консультант болып жұмыс істеді. 2025 жылы "Атырау" футбол клубында бас менеджер қызметін атқарды.
Бұдан былай Дидар Сыдықбек "Тараз" клубының әкімшілік және стратегиялық дамуы үшін жауапты болмақ.