Эксимбанк Қазақстанда зейнетақы қорының қайтарылмаған миллиарды бар

2708

Әңгіме кейін энергетикалық жобаларға несие беру үшін БЖЗҚ-ның банктің бес жылдық облигацияларын бір бөлігін сатып алуға қатысты болып отыр.

Эксимбанк Қазақстанда зейнетақы қорының қайтарылмаған миллиарды бар

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ-тың "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) АҚ-ның алдында өтелмеген міндеттемелерінің көлемі шамамен 1 млрд теңге, деп хабарлады Ұлттық банк аbctv.kz.-тің сауалына жауап бергенде. Әңгіме ШОБ-ға несие беру үшін шартталған депозит түрінде сонау 2016 жылы банкте орналастырылған қаражаттар жайында болып отыр.

Реттеушінің айтуынша, 2017 жылы Қазақстан үкіметі деңгейінде қабылданған шешім бойынша банктегі БЖЗҚ активтері айырбасталып, Астанадағы энергетикалық жобаларды қаржыландыру үшін нарықтық шарт бойынша 13 млрд теңге сомасында "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ның бес жылдық облигацияларына салынған.

 "Салынған қаражаттарды қайтаруға қатысты жұмыс сот тарату комиссиясын тағайындағаннан кейін іске асады. Тарату рәсімдері барысында банктің барлық активтерін бағалау және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін оларды сату жоспарланып отыр", – деп жазылған жауапта.

Бұл ретте "Банктер және банк қызметтері туралы" заңға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша талаптар төртінші кезекке, ал басқа заңды тұлғалардың талабы сегізінші кезекке жатады.

"Мемлекет "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заң деңгейінде салымшыларға инфляцияның жинақталған деңгейін есепке ала отырып салынған зейнетақы жарналарының сақталуына кепіл береді", – деп атап кетті Ұлттық банк.

Сондай-ақ 2016 жылы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін жылдық 15,6% кірістілікпен 9,8 млрд теңге сомаға Qazaq Banki АҚ-ның шартталған депозитіне салынған. Реттеушінің мәліметі бойынша, бүгінгі күні Ұлттық банктің белсенді жүргізіп жатқан жұмысының нәтижесінде инвестицияланған қаражат инвестициялық кіріспен толық қайтарылған.

"Инвестициялардың нақты кірістілігі болжанғаннан төмен болып, жылдық 10,4 пайызды ғана құраған, бұл қазіргі инфляция деңгейінен жоғары", – деп хабарлады еліміздің бас банкі.

Қордың "Астана банкі" АҚ-та қазір инвестициялары жоқ, банк шартталған депозиттер бойынша өзінің міндеттемелерін толығымен орындаған, деп нақтылады реттеушінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ облигациялары БЖЗҚ балансында сақталып отырған "Цеснабанк" АҚ-қа қатысты жағдай жайлы айтар болсақ, ол үшін алаңдауға еш себеп жоқ деп атап кетті.

Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан ауылшаруашылық өндірушілерін және аграрлық секторды қолдаудың қосымша шаралары әзірленген. Реттеуші осының барысында "Цеснабанк" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығы арттырылатын болады деп атап кетті. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері қоржынындағы "Цеснабанк" АҚ-тың қаржылық құралдарына салынған инвестицияларға алаңдаудың қажеті жоқ. Реттеушінің берген жауабында банк өзінің міндеттемелерін толығымен көрсетілген мерзімде орындайтыны айтылған.

"БЖЗҚ-ның активтерін екінші деңгейлі банктердің облигацияларына нарықтық шарт бойынша инвестициялау – Қазақстан президенті басқаратын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің 2018 жылға мақұлданған бағыттарының бірі", – деп атап кетті Ұлттық банк.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу