ЭКСПО қонақтарын визаның әуре-сарсаңы үркітіп отыр

5966

Қазақстан шетел туристері үшін неліктен тартымсыз болып қалғанын туроператор түсіндірді.

ЭКСПО қонақтарын визаның әуре-сарсаңы үркітіп отыр

"ЭКСПО-2017" көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық  кеңестің төртінші отырысы барысында "Sky  Way Travel" ЖШС директоры Әсел Қозыбағарова көңіл көншітпейтін хабарды жеткізді.

Көрменің ресми туроператоры ретінде  компания Астанада болатын көрмеге 50 мың билет алды және тағы 25 мыңын алуды жоспарлап отыр.

"Осыншама көп билетті сату үшін көп күш салу қажет екенін біз, әрине, түсіндік", – деп баса айтты Әсел Қозыбағарова.

"Sky Way Travel" компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесіне шетелдік туристерді тартуда кез болған қиындықты шешуге жәрдем сұрады.

"Бізге көмек қажет, мысалы Қытай мен Үндістаннан келетін туристер үшін визаны қарастыру мерзімі қысқарса екен дейміз. Қазіргі келісім бойынша, қытайлықтарға виза 14 күн ішінде ашылады. Бұл тым ұзақ мерзім", – деп қабағын шытты Әсел Қозыбағарова.

Қытайлар да, Қазақстан азаматтары сияқты екі апталық саяхатты таңдайды және Қазақстан ұзақ визалық рәсімдердің кесірінен өкінішке қарай, тізімнің ең соңында екен.

"Қытай және Үндістан туроператорларына және өзге кез келген туроператордың алып жүрушілеріне визалық қолдау көрсету – бөлек мәселе",  – дейді ол.

Қазақстанның әлемдік аренада қарқынды дамуы маңызды.

Әсел Қозбағарова шетелдің көптеген көрмесіне қатысу, шетелдік туроператорлар және туристермен кездесу тәжірибесін айта келе, көңіл көншітпейтін қорытындыға келді."Өкінішке қарай, олардың Қазақстан туралы, дәлірек айтсақ, біздің туристік өнім туралы түсінігі бұлыңғыр, олар бұл жерден не көре алатынын білмейді", – деп қадап айтты ол.

Одан бөлек, бизнес-леди тағы бір маңызды мәселенің басын ашты.

"Ел ішінде тасымалдау үшін чартерлік тасымал мен тіркемелі теміржол вагондарын субсидиялау керек. Мұның барлығы девальвациядан кейінгі сатып алу қарқынының төмендеуіне байланысты, біз бұны жақсы білеміз. Сондай-ақ  кез келген адам демалысқа ақша үнемдейтіні түсінікті", – дейді Әсел Қозбағарова.

Қоғамдық кеңестің басшылығы бекітілген ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға жеткізетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу