ЭКСПО: Көрпеңе қарай көсіл

Алина Альбекова Алина Альбекова
16804

ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылары қонақтарға әуеде қалықтап өнер көрсететін скрипкашыларды, үздік диджейлер мен MTV концертін көрсетпекші.

ЭКСПО: Көрпеңе қарай көсіл

Көрменің жаңартылған мәдени-ойын-сауық бағдарламасында қазақстандық үлес шамамен 80%-ға жететінін айтты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров. Оның сөзінше, мәдени бағдарламаның ең қымбат шарасы отандық "Ұлы дала симфониясы" шоуы болмақ, халықаралық көрме жұмысын осы шарадан бастайды.

"Ашылу шоуын кім де болсын көргісі келеді, оны түсінеміз. Бірақ кез келген адам көрменің бірінші күніне келе алмайды, сол себепті біз бұл шараны 5 күн қатарынын кешке қайталайтын боламыз. Бұл таңғажайып шоу болады, ол біздің мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді паш етеді. Оған 600-ден астам әртіс қатысады. Арнайы осы шоу үшін музыка жазып жатырмыз, онда Қазақстанның классикалық композиторларының шығармалары қамтылады. Көрме ашылатын күні сферада проекциялық шоу көрсетіледі, бұл таңғажайып көріністі қонақтар қыркүйекке дейін күн сайын кешке тамашалай алады. Одан бөлек, көрме ЭКСПО аумағы бойынша кешкі парадпен аяқталады, оған 150-ден астам әртіс қатысады", – деді ол.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, ЭКСПО аумағында ұйымдастырылатын барлық мәдени-ойын-сауық іс-шаралары түрлі алаңдарда өтеді. Олардың негізгісі: 10 мың  адам сыятын Амфитеатр, 1 мың адамға есептелген Энергия холл, сондай-ақ 2 100 адамға арналған Конгресс орталық.

Айта кету керек, егер қолда көрменің билеті болса,  Арт орталықтың Амфитеатрында өтетін шараларға тегін кіруге болады. Оның ішінде Қазақстанда тұңғыш рет өтейін деп отырған MTV-дің концерті және "Gakku" телеарнасының Қазақстан эстрадалық орындаушыларының фестивалі де бар.

Сонымен қатар тегін бағдарламаға "RеuniondesMusеesNationaux-GrandPalais "Artists&Robots" зерттеу-көрмесі де енген, онда көрермендердің көз алдында өнер туындылары жасалады. Ал "Garage" қазіргі заман өнері музейінде арт-нарық, заманауи кураторлық тәжірибе мен баспа ісіне арналған дәрістер мен пікірталастар сериясы өтеді, сонымен бірге қазіргі заманның өнеріне арналған үш жүзден астам фильм көрсетіледі.

"CreativeEnergyArea" шығармашылық энергия аймағында қазіргі мәдениет саласындағы қазақстандық және халықаралық мамандар бірігіп дайындаған онлайн дәрістер, кино көрсетілімдер және интерактивті іс-шаралар есігін айқара ашады. Сондай-ақ Afrojack, Axwell және SteveAoki сынды танымал диджейлер көрме келушілері үшін тегін өнер көрсетеді.

 "Көрме аумағына кіргіңіз келген сайын көрме билетін сатып алу керек болады. Іс-шараның ашылуына қолыңызда көрме билетін болса ғана кіре аласыз. Егер таңертең кіріп, кешкісін шықсаңыз, бір күнде шамамен 3 ірі шараны тамашалай аласыз. Біріншіден, көрмеге қатысушы елдер өз ұлттық күндері аясында іс-шараларын өткізеді. Екіншіден, біз ірі  қойылымдық шараларды әзірлейміз. Шағын іс-шаралар туралы айтар болсақ, көрменің барлық аумағында күніне шамамен 30-50 шағын шара өтеді", – деді контент департаментінің директоры.

Айта кетсек, бүгінде ЭКСПО билеттерінің үш түрі сатылымда жүр: уақыты белгіленген билет – 4 мың, уақыты белгіленбеген жұмыс күнінің билеті – 6 мың, уақыты белгіленбеген демалыс күндерінің билеті – 8 мың теңге.

Ал Энергия хол мен Конгресс орталықта ақылы концерттер өткізіледі, яғни оған кіру үшін ЭКСПО билетінен бөлек құны 1 мың теңге тұратын жеке билет сатып алуға тура келеді. Дю Солей циркінің шоуына кіру құны қымбатырақ. Ол 4 мың теңге тұрады.

"Кіру құнын тегін етуімізге болар еді, бірақ біз қалай болғанда да көрермендердің санын реттеуіміз керек қой. Елестетіп көріңізші, біздің ғимаратқа шамамен 2 мың адам ғана сияды, ал көрмеге күніне 50-60 мың адам келеді, оның әрқайсысы шоуды көргісі келсе не болады. Маған сенуіңізге болады, 4 мың теңге деген әлем бойынша бұл цирктің шоуына қойылған ең төменгі баға. Әдетте билеттер шамамен 150-200 доллар тұрады", – деп баға саясатын түсіндіріп өтті Марат Омаров.

Оның сөзінше, концерттер тек ЭКСПО аумағында ғана өтпей, сонымен бірге "Сарыарқа" велотрегінде және "Астана Арена" стадионында да өткізіледі. Бұл сахналарда ресейлік және шетел жұлдыздары өнер көрсетеді. Мәселен, Полина Гагарина мен Егор Крид, BlаckStarParty (MOT, KristinaSi, L'One, Timati), ThirtysecondstoMars, LimpBizkit, ErosRamazotti. Билет құны 6 мыңнан 28 мыңға дейін жетеді. Бұл концерттерге билет сатып алуда әр көрермен сыйлыққа көрме билетін алады.

Барлық мәдени бағдарлама кешкі демалыс уақытына сай әзірленген және бірнеше күн бойы қайталанады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл адамдар арнайы көрме үшін жасалған бірегей шоу мен концерттерді көре алсын деп жасалып отыр. Мұндай шараның бірі "Дәстүрдің жаңа өмірі" атты классикалық концерттер топтамасы, онда танымал диджейлер, тіпті имперлік орыс балеті де өнер көрсетеді. Сол үшін арнайы Ресейдің театр режиссері Алексей Франдетти шақырылған болатын, ол әр концертке "Батылдық", "Махаббат", "Шабыт" деп жеке-жеке ат қойды.

Марат Омаров ұйымдастырушы ретінде Марат Бисенғалиевтың басқаруымен симфониялық оркестрдің "Дыбыс энергиясы" концерттік жобасын міндетті түрде тамашалауға кеңес берді.

"Біз 6 күн бойы күніне екі концерттен беретін боламыз. Сондықтан оны барынша көп адам тамашаласа екен дейміз. Марат Бисенғалиевтың оркестрі өте қызық, ол үнемі жаңашылдығымен ерекшелетін. Бірақ бұл жолы біз таңғажайып дүние жасап жатырмыз, музыканттар көрермендердің үстінде қалықтап жүріп, партитурасыз өнер көрсетеді. Дәл сол концерт үшін арнайы музыка жазылып жатыр. Концерт келген кісінің қайсысын болсын бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін", - деді ол.

Сонымен қатар "А-студио" тобының мюзиклі де қызық болайын деп тұр, ол да 6 күн бойы көрсетіледі. "NoMadKarma" тобы  – танымал Қазақстан композиторы, әнші, "URKER" тобының солисті Айдос Сағаттың жаңа қазақ-британ музыкалық жобасы да ЭКСПО-ға арнайы бағдарлама дайындап жатыр. Ол "Болашақ энергиясы" атты көрменің тақырыбына арналған инновациялық мультимедиялық шоу көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, билет сатылымдары бойынша Дю Солей циркі және "Би2", "Мумий тролль" топтары алда келе жатыр. Шоу-бизнес жұлдыздарының гонарарларын Марат Омаров құпия сақтап қалуды жөн көрді. Ол әлі нақтыланбағанын және жеке адамдардың жеке гонорарлары туралы бөліп жарып айту қиын екенін алға тартты.

Әйгерім Сүлейменова, Алина Альбекова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу