Экспорт азайып, импорт көбейді

4711

Сыртқы сауда да, ішкі сауда да ұлғайды

Экспорт азайып, импорт көбейді

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 2018 жылғы қаңтар-шілдедегімен салыстырғанда 4,4%-ға өсті, деп хабарлайды статистика комитеті.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 трлн 348 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 11,3% артық.

2019 жылғы алғашқы жеті айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 16 трлн 703 млрд теңгені құрды, бұл 2018 жылғы алғашқы жеті айдағыдан 2,7%-ға артық.

Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 2,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,5%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 6,7%-ға артты.

2019 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1 трлн 840,5 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 11,5% артық.

Сауда да 7,5%-ға өсті. Соның ішінде бөлшек сауда көлемі 5 трлн 949,7 млрд теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезеңінен 5,4%-ға өссе, көтерме сауда көлемі 12 трлн 937 млрд теңгені құрап 8,3% ұлғайды.

2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 45 млрд 633,2 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,7%-ға көбейді, оның ішінде экспорт 1,6%-ға азайып 28 млрд 580,5 млн АҚШ долларын құраса, импорт 7,9% көбейіп 17 млрд 52,7 млн АҚШ долларын құрады.

Көлік саласы 5,4%-ға ұлғайды. Соның ішінде жүк айналымының көлемі 1,7% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 4,7% өсті, деп жазады статистика комитеті.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 1 трлн 473,3 млрд теңгені құрап, 3,5%-ға өсті.

Ал байланыс жеті айда тиісінше 2,6%-ға көбейді.

2019 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны  439 839 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 431 044 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны  296 637 құрады, оның ішінде  288265 бірлік шағын кәсіпорындар, деп жазады статистика комитеті.

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар - 6%, азық-түлік емес тауарларға 2,4% өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,7%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,2% жоғарылады, деп жазады статистика комитеті.

Сонымен қатар, 2019 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала бағалау бойынша 99 003 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы маусымға қарағанда 9,4% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,8% артты.

2019 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 186 221  теңгені құрады.

2019 жылғы шілдедеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 440,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы шілденің соңына 172,7 мың адамды құрады, деп жазады статистика комитеті.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу