Эквадорда не болып жатыр?

2367

Мафия бірнеше түрмеде бүлік шығарып, жүзден астам адамды кепілге алды. 

Эквадорда не болып жатыр? Фото: tj.sputniknews.ru

Эквадордың ТС телеарнасының тікелей эфирін бетін тұмшалаған қарулы адамдар бір сәтке тоқтатып тастады. Бұл – оңтүстікамерикалық елдегі зорлық-зомбылықтың кейінгі күндердегі ең үлкен көрінісі.

Фото: AP, Global Look Press

Жаңа Президент Дэниель Нобоа өзіне дейінгі мемлекет басшысын тығырыққа тіреген қылмысқа тойтарыс беруге уәде берді.

Фото: AP, Global Look Press

Бірақ оған түрмелерді бақылауға алып, полицейлерді ұрлап, жарылыс жасап жатқан мафиялық топтармен күресу қиынға соғайын деп отыр.

Фото: Reuters

Эквадордың қауіпсіздігі неге нашарлады?

Эквадордағы қауіпсіздік экономиканы қатты әлсіреткен коронавирустық пандемиядан кейін нашарлады.

2023 жылы елде зорлық-зомбылықтан қаза тапқандар қатары 8008-ге дейін өскен. Жергілікті үкіметтің айтуынша, бұл – 2022 жылы өлтірілгендер санынан екі есе дерлік жоғары көрсеткіш және де былтыр Эквадорда президенттік сайлау қарсаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үміткер де қылмыскерлердің қолынан жан тәсілім етті.

Үкімет бұл жағдайды осы континенттің көптеген аймақтарын тұрақсыздандырған кокаин саудасымен айналысатын топтардың күшеюімен байланыстырып отыр.

Эквадор түрмелерінде бандалар өздерінің билігін кеңейту үшін мемлекеттің осал бақылауын пайдаланды. Абақтылардағы зорлық-зомбылық барған сайын жиілеп, соның нәтижесінде жүздеген адам түрлі оқиғалардан қаза тапты. Билік бұл үшін түрмелерді қадағалауға әрекеттенген қылмыскерлер арасындағы шайқастарды айыптап келеді.

Гуаякиль – Эквадор жағалауында орналасқан ең қауіпті қала. Ал оның порттары есірткі контрабандасының орталығына айналған.

Фото: Vrbo.com

Нобоа қараша айында президенттік қызметіне кірісіп, жаңа барлау бөлімшесі құрылатынын, қауіпсіздік күштерінің тактикалық қарумен қамтамасыз етілетінін, қатаң бақылаудағы жаңа түрмелер салынатынын және порттар мен әуежайларда қауіпсіздік мейлінше күшейтілетінін жариялады.

Фото: СNN

Оның айтуынша, бұның бәрін жүзеге асыруға шамамен 800 миллион доллар жұмсалады, ал армияға 200 миллион доллардың жаңа қаруын Америка Құрама Штаттары берейін деп отыр.

Осы аптада зорлық-зорлықтың өршуіне не себеп болды?

Жексенбі күні полиция "Лос-Чонерос" қылмыстық тобының жетекшісі Адольфо Масиастың 34 жылдық жазасын өтеп жатқан түрмеден жоғалып кеткенін хабарлады. Содан кейін билік оның ізіне түсті.

Фото: France24.com

Сонымен қатар дүйсенбіден бастап кемінде алты түрмеде бүлік шығып, сотталушылар 150 немесе одан да көп күзетші мен басқа да қызметкерлерді кепілге алған. Ал Риобамба түрмесінен 39 тұтқын қашып кеткен, бірақ олардың кейбіреулері қайта қолға түсті.

Фото: AP, Global Look Press

Сейсенбіде зорлық-зомбылық көшелерге тарап, жеті полиция қызметкері ұрланып, бірнеше қалада бес жарылыс болды. Бірақ ешкім зардап шекпеген.

Фото: AP, Global Look Press

"Террористермен" келіссөз жүргізбейтінін ескерткен Нобоа соңғы күндері елін дүрліктірген зорлық-зомбылықтарды өз үкіметінің қатаң бақылаудағы түрме салу жоспарына бандалық топтардың реакциясы деп атады.

Фото: AP, Global Look Press

Мәселені шешу үшін үкімет не істеп жатыр?

Нобоа дүйсенбіде 60 күндік төтенше жағдай жариялап, әскери патрульдерге түрмелерді қадағалауға мүмкіндік беріп, түнгі уақытта бүкіл елде коменданттық сағат орнатты. Дегенмен бұл тәсілмен елдің бұрынғы басшысы Гильермо Лассо көп табысқа жетпеген.

Фото: AP, Global Look Press

Нобоаның коалициясы ұлттық ассамблеяда көпшілікке ие. Ал Лассода мұндай мүмкіндік болмады. Бірақ кейбір эквадорлықтар президенттің бандаларға қарсы неге қатаңырақ шаралар қолданбай отырғанына аң-таң.

Фото: AP, Global Look Press

Нобоа жыл соңында қауіпсіздікке бағытталған плебисцит өткізуді жоспарлап отыр. Онда халыққа үкімет шетелде іздеуде жүрген эквадорлықтарды экстрадициялауға тыйым салуды алып тастау керек пе және күдікті қылмыскерлердің активтері тәркіленуі қажет пе деген сұрақтар қойылмақ.

Фото: AP, Global Look Press

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу