Ел чемпиондары "Құлагерді" ірі есеппен жеңді

1695

Қазақстан чемпионаты аясында сырт алаңдағы ойында Петропавлдың "Құлагері" қарағандылық "Сарыарқадан" 0:6 есебімен жеңілді.

Ел чемпиондары "Құлагерді" ірі есеппен жеңді

"Қарағанды-Аренада" өткен матчтың бірінші кезеңі тартысқа толы болды. Ойын басталысымен қарағандылық команда басымдықты қолға алды. Тиісінше, уақыттың көп бөлігін қарсыластың аймағында өткізді. Бірақ есеп кезең соңында ғана ашылды. 18-минутта "сары-қаралар" ойыншылар санының басымдығын тиімді пайдаланды. Михаил Рахманов пен Эдгарс Сикснаның шығарған пасынан кейін Владислав Кулиев қарағандылықтарды алға шығарды. Командалар үзіліске "Сарыарқаның" басымдығымен, 1:0 есебімен кетті.

Екінші жиырма минутта ойын өрнегі өзгерген жоқ. Кезеңнің ортасында қарағандылық команда сандық басымдықты тағы да сауатты пайдаланды. Команда капитаны Эдгарс Сиксна гол соғып, екінші ұпайды еншіледі. Бұл жолы Владислав Кулиев пен Никита Аноховский тамаша шабуыл ұйымдастыра білді. Ал кезең соңына қарай Кирилл Беляев соққан шайбаның арқасында ел чемпиондары басымдылықтарын нығайтты. Осылайша, есеп 3:0-ге жетті.

Кездесудің соңғы үшінші бөлігінде "Сарыарқа" хоккейшілері қонақтар қақпасына тағы да жауапсыз үш гол соқты. 43-минутта Андрей Яковлев "Құлагер" қақпашысынан айласын асырды. Ал 8 минуттан кейін Владислав Кулиев дубль авторы атанса, Владислав Рыбаков кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп 6:0. Ертең жауапты матч өтеді.

"Сарыарқа" - "Құлагер" 6:0 (1:0, 2:0, 3:0)

1:0 – 18:00: Кулиев (Рахманов, Сиксна)

2:0 – 29:38: Сиксна (Кулиев, Аноховский)

3:0 – 37:18: Беляев (Хорошев, Данияр)

4:0 – 42:11: Яковлев (Чеботаев, Хорошев)

5:0 – 50:42: Кулиев(Аноховский, Рахманов)

6:0 – 52:21: Рыбаков (Сиксна)      

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу