Ел экономикасы 1,8% төмендеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

1593

Қызмет көрсету саласы 5 6% құлдырады. 

Ел экономикасы 1,8% төмендеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс арқылы өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер қаралып, алғашқы жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып жатыр. 

"Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8% төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы 5 6% құлдырады",  деді Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде.

Президенттің мәлімдеуінше, халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылданды.

Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде премьер-министр Асқар Мамин,  ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасайды.

Қанат Махамбет


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу