Қазақстан экономикасы 6 айда 6,2%-ға өскен

380

Бұл алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары.  

Қазақстан экономикасы 6 айда 6,2%-ға өскен Фото: forbes.kz

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа уақытқа тән нарықтардың тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдайы және өсіп келе жатқан геосаяси шиеленіс бүкіл әлемде іскерлік белсенділікті тежеуді жалғастыруда. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2025 жылы 2,8%-ға дейін баяулайды. Бірінші жартыжылдықта Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 71,7 доллар құрады. Осындай күрделі сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы сенімді өсуді көрсетіп отыр", – деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсім көрсетті.

"Бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары және соңғы 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2%-ды құрады. Экономиканың нақты секторы +8% және қызмет көрсету саласы болды, ол 5,2%-ға өсті. Көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсу байқалады (+8,4%). Өңдеу секторы 5,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы 3,7%-ға өсті", – деді Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу