banner

Шабуылы шебер, қорғанысы осал ұжымдар анықталды

1800

8 турдан кейін көптеген командалардың шынайы деңгейі көріне бастады. 

Шабуылы шебер, қорғанысы осал ұжымдар анықталды

8-турда 11 гол салынды. 4 голды қазақстандық ойыншылар салса, қалған 7 голды легионерлер салыпты. "Қайрат" Қазақстан чемпионатында ең көп гол салған ұжым. Алматылық команда 8 ойында 21 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Ал ең аз гол жіберген команда – "Қайсар".

"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Рунар-Мар Сигурьонссон 8-турда дубль авторы атанып, үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады. Исландиялық ойыншы 5 гол салыпты. Ал оның ізін қуып келе жатқандар: Абат Айымбетов, Азат Нұрғалиев, Жоау Паулу. Аталған футболшылар 4 голдан салыпты.

Соңғы 5 тур бойы алматылық "Қайрат" ойнаған матчында кем дегенде 2 гол салып келеді. Алайда, команданың қорғанысында да мәселе бар. 32 жасар Шпилевскийдің командасы соңғы үш ойын қатарынан гол жіберіп келеді. Еліміздің 6 дүркін чемпионы "Астана" "Қайраттың" нәтижесін қайталап келеді. Олар да үш ойын қатарынан гол өткізіп алған.

"Тараз" осы турда да 1-1 тең түсіп, Премьер-лигадағы ең ымырашыл командаға айналып отыр. Жамбылдықтар осымен 4 рет тең түсіп, өзгелерден озып тұр. Әулиеаталықтар осымен үшінші рет 1:1 ойнап отыр. Айтпақшы, "Тараз" осы маусымда тек бір ғана матчта гол салмаған. Әйтпесе өткізген ойынының барлығында міндетті түрде қарсылас қақпасынан саңлау табады екен. Әлбетте ондай командалар елімізде көп, алайда турнирлік кестенің 9-сатысында жүрген команданың көшбасшылармен бірдей мәлімет тіркеуі қызығушылық тудырады.

Айтпақшы, биылғы чемпионатта небәрі 3 қана гол салған "Каспий" сапында 3 голды да легионер салған. Жергілікті футболшылар әзірге көзге түсе алар емес. Ал көкшетаулық "Оқжетпес" әр матчта міндетті түрде қақпасына гол жіберіп алады екен. Андрей Карповичтің командасы ішкі чемпионатта ең көп гол (21) жіберген ұжым.  

Қазақстан чемпионатының келесі, 9-тур ойындары 18-2 қыркүйек аралығында өтеді.

18 қыркүйек

"Оқжетпес" - "Каспий"

19 қыркүйек

"Тараз" - "Жетісу"

20 қыркүйек

"Астана" - "Шахтер"

"Қайсар" - "Ордабасы"

"Қызылжар" - "Қайрат"

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу