Ел қазынасының кірісі былтыр 2,5%-ға төмендеп кеткен

8550

2017 жылғы көрсеткіштің төрттен біріне артық болған салықтық түсімдер бюджетке Ұлттық қордан трансферттердің азайтылуының орнын толтырды.

Ел қазынасының кірісі былтыр 2,5%-ға төмендеп кеткен

Еліміздің мемлекеттік бюджеті кірістері 2018 жылдың қорытындысы бойынша 11,28 трлн теңгеден асқанын E-Minfin сараптамалық сервисінің деректерінен аңғаруға болады. Қаржы министрлігінің статистикалық есебіне үңілсек, ол 2017 жылғы кіріс бөлігінің орындалуынан 2,5%-ға, немесе шамамен 285 млрд теңгеге аз.

Түсімдердің азайып кетуінің басты себебі – бұл Ұлттық қордан трансферттердің 41%-ға немесе, 1,8 трлн, 2,6 трлн теңгеге дейін қысқартылуы. Десек те мемлекет қазынасына түскен салықтық түсімдер былтыр 2017 жылғы көрсеткіштен 22,4%-ға, немесе 1,52 трлн, 8,33 трлн теңгеге дейін асып түскен. Төлемдер бөлігінде негізінен ҚҚС (+476 млрд теңге), мұнайдың ЭКБ-сы келіп құйылатын сыртқы сауда бойынша кірістер (+278 млрд теңге) және КТС (+272 млрд теңге) бойынша өсім байқалған.

Салықтық емес түсімдер 10%-ға, 247 млрд теңгеге дейін, негізгі капиталды сатудан келген кірістер бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 1,5 есе, 97 млрд теңгеге дейін өскен. Еліміздің шоғырландырылған бюджет бөлігінде Ұлттық қорды басқарудан кірген кірістердің 15%-ға, 1,85 трлн теңгеге дейін өсім көрсеткенін айта кету керек.

Дегенмен 2017 жылмен салыстырғанда қазынаға түскен түсімдердің азайып кеткеніне қарамастан, нақты нәтиже үкіметтің 2018 жылдың бюджетіне енгізген болжамынан 6,3%-ға артық. Жоспардан тыс кірістердің басым бөлігі салықтық түсімдердің есебінен жинақталған. Ол жыл аралығында 7,8%-ға, 8,34 трлн теңгеге дейін өскен.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу