"Ел-классикода" жеңімпаз анықталмады

1200

Матчтағы қос гол соңғы минуттарда соғылды.

"Ел-классикода" жеңімпаз анықталмады

Қазақстан Премьер-лигасының он үшінші туры қарсаңында "Астана" "Қайратпен" кездесті. Матч "Астана Аренада" өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Бірінші тайм барысында алматылық клубта гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Бірақ "Қайрат" шабуылшыларының жолы болмады. Ойынның 86-минутында Тигран Барсегян есеп ашқан еді, 90-минутта Гафуржан Сүйімбаев қақпашының орнынан шыққанын ұтымды пайдаланып, таразы басын теңестірді. Бір ұпайды қанағат еткен Андрей Тихонов шәкірттері алғашқы орында қала берді (33 ұпай). Алматылық ұжым 21 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

"Қайсар" Қазақстан чемпионатының бірінші айналымындағы соңғы матчта "Жетісумен" кездесті. Ойын Қызылордадағы Ғани Мұратбаев стадионында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Алғашқы гол 32-минутта соғылды. "Жетісудың" жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев айып добын тамаша орындап, есеп ашты. Ал 59-минутта командаоасынан пас алған Аслан Әділ бір ойыншыны алдап өтіп, қақпаны дәл көздеді. Үш ұпайды қоржынға салған талдықорғандық клуб "Қайсармен" теңесті. Екі команда да жеті ұпайдан жинап, турнирлік кестеде ең соңғы орындарға жайғасты.

"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының он үшінші туры аясында "Тұранды" қабылдады. Қобыланды батыр стадионында өткен матчта түркістандық клуб 0:2 есебімен жеңіске жетті. "Тұран" сапында команда капитаны Шынболат Мақсымхан қорғаушылардың қателігін өз пайдасына жаратып, есеп ашты. Екінші гол соғылар сәтте де "Ақтөбе" қорғаушылары оңбай қателесті. Бұл жолы Таңат Нөсербаев көзге түсті. Түркістандық клуб бұл ойыннан кейін 15 ұпаймен турнирлік кестеде "Ақтөбені" артқа тастады. 13 ұпайы бар "Ақтөбе" он бірінші орынға табан тіреді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу