Ел қоржыны қос қоламен толықты

1540

Қазіргі таңда қазақстандық спортшылардың еншісінде барлығы 7 қола медаль бар.

Ел қоржыны қос қоламен толықты

Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартылай финалында француз Стивен да Костамен кездесті. Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Асаділов 2:5 есебімен жеңіліс тапты. Француз финалға жолдама алса, Дархан қола медаль иеленді.

Ал Нұрислам Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Нұрислам Болгария балуаны Георгий Валентинов Вангеловты 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Сонымен қатар 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасында жартылай финалдық белдесулер аяқталды. Аталған салмақта қазақстандық Данияр Қайсанов сынға түскен болатын. Финалдық жолдама үшін Данияр екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Судаковпен белдесті. Кездесуде ресейлік балуан 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өтті. Ал Данияр Қайсанов өз салмағындағы қола жүлдеге таласады.

Каратэден қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай Токио Олимпиадасының алғашқы кездесунін жеңіспен бастады. Қазақстандық спортшы мысырлық Сайед Радваны 7: 2 есебімен жеңді. Ал екінші жекпе-жекте Мөлдір Жаңбырбай аустриялық Беттина Планктан 3: 4 есебімен ұтылады. Ал содан кейін украиналық Анжелика Терлюгиге қарсы үшінші жекпе-жегін 4: 4 есебімен тең аяқтады. 4-жекпе-жекте отандасымыз жапониялық Михо Мияхарадан 2:11 есебімен ұтылып, Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу