Ел қоржыны төртінші алтынмен толықты

913

Қазақстандық тағы бір боксшы әлем чемпионы атанды. 

Ел қоржыны төртінші алтынмен толықты

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегінде қазақ дербиі өтті.

80 келі салмақтағы шешуші кездесуде Қазақстан құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай Қытай атынан шыққан этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Төрешілердің шешімімен қазақстандық жеңіске жетті – 4:1.

Бұл  Қазақстан құрамасы үшін 2023 жылғы әлем чемпионатындағы төртінші алтын болды. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Санжар Тәшкенбай (48 келі) әлем чемпионы атанған болатын. Дулат Бекбауов та күміс (67 келі) иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу