Ел құрамасы тағы бір спорт түрінен әлемдегі үздік үштік қатарына енді

275

Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогында төрт кезеңнің қорытындысы шығып, Қазақстан құрамасы үштік қатарына қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ел құрамасы тағы бір спорт түрінен әлемдегі үздік үштік қатарына енді Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Топтық жаттығудағы бәсекеде отандастарымыз қола жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құрама сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Ясмин Тұяқова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.

Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысымен Қазақстан әйелдер құрамасы (Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина, Даяна Жаманчалова) әлемдік рейтингте екінші орынға табан тіреді.

Аталған жарысқа еліміздің атынан 14 спортшы аттанды. Дүбірлі додада 16 елден келген 125 спортшы жүлделерді сарапқа салып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу