Республикада жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерінің жалпы тапшылығы 20 мыңнан асады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Вице-министр құқық қорғау органдарына патрульдік полицейлер, участкелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жетіспейтінін айтты.
Игорь Лепеха бұл бөлімшелердің барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынын жеткізді. Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірге олардың санын кезең-кезеңімен көбейту мүмкіндігін пысықтап жатыр.
"Президент Әкімшілігі мақұлдап, Үкімет қолдаса, келесі жылдан бастап штатты кезең-кезеңімен арттыру мәселесін қолға алатын боламыз", – деп атап өтті спикер.
Оның нақтылауынша, жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерінің жалпы тапшылығы 20 мыңнан асады.
Айта кету керек, бұған дейін вице-министр жұмыстан босатылған туристік полиция қызметкерлері туралы айтқанын жазғанбыз.
