Ел тарихында алғаш рет 19 жасар қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды

261

Жігерлі мінезімен жанкүйерлерді баурап алған жас қазақстандық боксшы әлем чемпионатында төрт қарсыласын да ойсырата жеңді. 

Ел тарихында алғаш рет 19 жасар қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды

Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды. Ол 70 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. 

Финалда Төрехан жапониялық Сэвон Окадзавамен жұдырықтасты. Жекпе-жек тартысты өткенмен, үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласынан айласын асырып, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Оған қоса ел тарихындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Төреханның есімі Қазақстан бокс тарихында алтын әріптермен жазылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу