Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді

291

Теннистен Қазақстанның ұлттық әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup-тың жаңартылған әлемдік командалық рейтингінде 12-орыннан 6-орынға көтерілді.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді Фото: ҚТФ

Бұл – еліміздің әйелдер құрамасының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстан құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция сынды мықты командаларды артта қалдырды. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы сәуір айында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, өз тарихында үшінші рет Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Әлемнің ең үздік 8 құрамасы қатысатын финалдық кезең 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу