Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіргелі қалада үлкен қазақ драма театрын салуды армандағанын баса айтты.
"Баршаңызға шығармашылық жетістік пен табыс тілеймін. Бүгіннен бастап біз театрдың ашылғанын жариялаймыз. Оның құрылысына "Самұрық-Қазына" компаниясы арнайы қаржы бөлді. Мұнда барлық жағдай жасалған. Театрға адамдар қуана-қуана келетініне сенімдімін", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті әртістерге.
Театрдың жаңа ғимараты Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен бой көтерген. Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.