Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында колоректальды хирургтардың алғашқы Қазақстандық конгресі – елдегі колоректальды хирургияның қазіргі заманғы жетістіктеріне, сын-тегеуріндері мен даму перспективаларына арналған ауқымды оқиға өтті.
Зерттеулерге сәйкес, декомпенсацияланған долихосигмасы бар пациенттердің 78%-ы әйелдер, олардың 62%-ы еңбекке қабілетті жаста, бұл ауруды әлеуметтік мәнді және медициналық проблемаға айналдырады.
Долихосигма жағдайларының ең көп саны Қарағанды облысында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында тіркелген.
2024 жылғы статистикалық деректерге сәйкес 5 462 пациент емделді, оның 27 жағдайы өліммен аяқталды. 2025 жылдың алғашқы 6 айында 5 990 пациент емделді, өлім 15 жағдайға дейін төмендеді. Емделген пациенттер санының өсуіне қарамастан, өлім көрсеткішінің төмендеуі байқалады, бұл колопроктологиялық көмек сапасының жоғарылауын растайды.
Конгресс отандық және шетелдік жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға, заманауи ғылыми жетістіктер мен хирургиялық тәсілдерді талқылауға, сондай-ақ колопроктологиялық көмекті ұйымдастыру және сапасын арттыру бойынша жаңа бастамаларды енгізуге жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
Профессор, академик Жақсылық Досқалиев, М. М. Мамакеев атындағы Ұлттық хирургия орталығы (Қырғызстан) директорының орынбасары Жәнібек Әшімов, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы Ержан Әділбеков және қазақстандық колоректалды хирургтар қауымдастығының президенті Батыр Айтмолдин құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында тоқ ішектің және тік ішектің аурулары, оның ішінде онкологиялық патологиялар, сондай-ақ оларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері қарастырылды.
Жітк парапроктитті екі сатылы емдеуде дренажды лигатураның тиімділігі, кіші проктологиядағы лазерлік технологиялар және колоректальды хирургия саласында инфекциялардың профилактикасы үшін стандартталған чек-парақты енгізу мәселелері бөлек көтерілді.
Қазақстан Республикасының колоректальды хирургтар қауымдастығы кәсіби қоғамдастықты белсенді дамытады, инновациялық әдістемелерді енгізуге, дәлелді медицина стандарттарын ілгерілетуге және хирургиялық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.