Еліміздегі 17 өзен пайдалануға мүлде жарамсыз

2200

Сырдария Түркістан облысының аумағында қалқыма заттармен қатты ластанып жатыр. 

Еліміздегі 17 өзен пайдалануға мүлде жарамсыз

"Қазгидромет" қоршаған ортаның қараша айындағы жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Жердің үстіндегі су көздерінің сапасын бағалау үшін "Қазгидромет" мекемесінің мамандары 81 су обьектісіне мониторинг жүргізген. Оның 78-і өзен болса, қалған үшеуі – "Нұра-Есіл", "Көшім" және Қ. Сәтпаев атындағы су арналары.

78 өзеннің ішінде Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Емел, Аягөз, Үржар, Іле, Текес, Лепсі, Талғар, Есік, Қаскелен, Шу, Талас, Сырдария сияқты ірі су көздері бар.

Мамандар судың құрамы мен бүліну деңгейіне қарап, пайдалануға жарамдылық санаты бойынша 6 жікке бөлген. Біздің "мүлде пайдалануға жарамсыз" деп отырғанымыз "+5" санатына санатқа жатады. Ол көздер мыналар: Брекса, Ембі, Шаронов, Шынғырлау, Тобыл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ, Ақсу, Қылшықты, Нұра, Қара Кенгір, Соқыр, Шерубайнұра, Талас, Сарықау, Сырдария, Қатты бөген.

Соның ішінде Брекса өзенінің суында темірдің мөлшері, Ембінің Атырау облсындағы бөлігінде хлоридтер, Шаронов өзенінде қалқыма заттар, Шынғырлау мен Тобылда хлоридтер, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақбұлақ өзенінде түрлі минералдар мен хлоридтер, Қарағанды облысындағы Сарыбұлақ өзенінде магний, минералдар мен хлоридтер, Ақмола облысындағы Ақсуда минералдар мен магний, қалдықтар мен хлоридтер, Ақмола облысындағы Қылшықты өзенінде кальций, магний, минералдар мен хлоридтер, Нұра өзенінің Ақмола облысындағы бөлігінде темір, Қара Кенгірде (Қарағанды облысы) аммоний-ион, кальций, минералдар, хлоридтер, Соқыр өзені мен Шерубайнұрада (Қарағанды облысы) марганец, Талас өзенінде қалқыма заттар, Сарықау өзенінде (Жамбыл облысы) қалқыма заттар, Сырдарияның Түркістан облысындағы бөлігінде қалқыма заттар, Қатты бөген өзенінде де қалқыма заттар мөлшерден асқаны сонша, су пайдаланудың барлық түрлеріне жарамсыз деп танылып отыр.

Жалпы мониторинг жүргізілген су көздерінің қараша айындағы жай-күйі төмендегі кестеде берілген:

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу