2021 жылдың екінші тоқсанында ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің номиналды жалақысы 145,6 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,4% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда нақты жалақының өсуі небәрі 6,5%-ды құраған.
Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Ақмола облысында: 178,2 мың теңге, өсім 25,6%. Екінші және үшінші орын бойынша - Шығыс Қазақстан облысы (164 мың теңге) және Нұр-Сұлтан қаласында (159,8 мың теңге).
Ең төменгі жалақы Маңғыстау облысында, мұндағы көрсеткіш ең төменгі күнкөріс деңгейінен сәл жоғары, немесе 42,5 мың теңге ғана. Бұл бір жыл бұрынғыдан 28,7% -ға төмен.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы еліміздің 17 аймағының 7-інде ғана орташа республикалық деңгейден асады.
Мысалы, Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және қызметтер көрсету саласындағы мамандар 146,8 мың теңге, орман және ағаш кесу саласында - 129,8 мың теңге, балық аулау және аквамәдениет саласында - 91,1 мың теңге алады.
2021 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда орташа номиналды жалақы 251,5 мың теңгені құрады. Осылайша, агроөнеркәсіптік кешендегі жалақы елдегі орташа жалақыдан 42,1%-ға төмен болып тұр.
Құралай Құдайберген
Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз !