Елдік мүдде жолында аянбай еңбек етуіміз керек – Мәулен Әшімбаев

395

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ана тілі" газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елдік мүдде жолында аянбай еңбек етуіміз керек – Мәулен Әшімбаев Фото: atpress.kz

"Өздеріңіз өңірлерде азаматтармен кездесулер өткізіп, сұхбаттың негізгі ойларын халыққа жеткізуге үлес қостыңыздар. Мемлекет басшысы сұхбатта 2024 жылы әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы басым бағыттарды белгілеп берді. Сондай-ақ былтыр Парламент қабылдаған заңдардың маңыздылығы да ерекше аталып өтілді. Жалпы Президентіміздің барлық бастамалары мен реформаларының стратегиялық мақсаты – егемендігімізді және экономикамызды одан әрі нығайту. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды сауалдарға жауап беріліп, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары айқындалды", – деді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.

Сөзінше, сұхбатта сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. 

"Сонымен қатар Президентіміз қоғамда қызу талқыланған өзекті мәселелердің түйінін тарқатып, олар бойынша өз ұстанымын білдірді. Мұндай ашықтық пен диалог және азаматтардың талап-тілектеріне жедел назар аудару заң мен тәртіп қағидаттарына табан тіреген Әділетті Қазақстанның жарқын көрінісі екені сөзсіз. Осы ретте Президентіміздің бастамасы мен қолға алынған реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аса маңызды екенін тағы бір атап өткен жөн. Алдағы уақытта экономикамызды дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бірқатар маңызды заңдар қаралады. Оларды сапалы пысықтап, уақытылы қабылдауымыз қажет. Жалпы Мемлекет басшысының Парламентке артқан жоғары сенімін ақтап, елдік мүдде жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Осы жолда бәріміз бірлесіп, нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін", – деді Сенат спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу