Елдің бірқатар өңірінде құрғақшылық күтілуде

124

"Қазгидромет" РМҚ еліміздің 12 өңірінде құрғақшыл қаупі бар екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Елдің бірқатар өңірінде құрғақшылық күтілуде Фото: ЖИ

Синоптиктердің болжамынша, биыл маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:

Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;

Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;

Қарағанды облысында – Шет ауданында;

Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;

Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;

Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;

Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;

Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;

Алматы облысында – Жамбыл ауданында;

Жетісу облысында – Алакөл ауданында;

Жамбыл облысында – Талас ауданында;

Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

– Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары. Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіледі, – делінген хабарламада.

Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және Қазгидромет ресми сайтында жарияланған. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу