Елдос Ахметов пен Нұрбол Жұмасқалиев ұлттық құраманың бас бапкеріне көмектеседі

396

Ел футболын отандық мамандар дамытпақ.

Елдос Ахметов пен Нұрбол Жұмасқалиев ұлттық құраманың бас бапкеріне көмектеседі Фото: inbusiness

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиевтің көмекшілері болып тағайындалды.  

Нұрбол Жәрдемұлы – Премьер-лигада ең көп матч өткізген футболшы және үздік сұрмергені. Ол 526 кездесуде 167 гол соққан.

2001-2014 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 58 матчқа қатысты.

2021-2023 жылдары Қазақстан жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды. Қазіргі уақытта Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдың "Тобыл" клубының бас бапкері қызметін атқарады.

Елдос Ахметов 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті.

Сондай-ақ, "Ертіс", "Тараз", "Қайрат", "Астана", "Ақсу", "Қайсар" сияқты ҚПЛ командалрында доп тепкен. 

2023 жылы Ахметов кәсіби мансабын аяқтап, футбол менеджменті саласына бет бұрды.

2024 жылы жастар құрамасының бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып, ал сол жылдың қазан айында ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу