Елдос нағыз чемпиондық мінез көрсетті – Геннадий Головкин

479

Естеріңізге сала кетсек, Сметов Париж Олимпиадасының финалында алтын медальді жеңіп алды.       

Елдос нағыз чемпиондық мінез көрсетті – Геннадий Головкин Фото: Olympic.kz

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин дзюдошы Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында топ жаруымен арнайы құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Біздің даңқты спортшымыз Елдос Сметовті Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Елдос бұл медальға қол жеткізу үшін үш олимпиадалық циклді артта қалдырып, өзінің нағыз чемпиондық мінезін көрсетті! Бұл алтынды Елдос алмағанда, кім алады?! Ұлттық Олимпиадалық комитет атынан Елдос пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті Париж Олимпиадасындағы алтын медальмен құттықтаймын! Елдостың жеңісті бастамасы ұлттық құрама үшін жалғасын таба берсін! Алға, Қазақстан! - деді ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу