Елдос Сметов дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды

462

Қазақ палуаны 60 келі салмақтағы ақтық бәсекеде Лука Мхеидзеден (Франция) басым түсіп, чемпион атанды.

Елдос Сметов дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды Фото: Сали Сабиров

Осылайша, Елдос Сметов есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген.

Бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.

"Елдос ерледі, ағайын! Балуанымыз Париж Олимпиадасының алғашқы алтын жүлдесін сыйға тартып, бәрімізді қуанышқа бөледі. Құтты болсын! Естеріңізде болса, 2019 жылы Парижде өткенде Grand Slam жарысында Елдос күміспен күптелген еді. Балуанымыз бүгін де өз мықтылығын дәлелдеп, Париж төрінде екіншірет жүлде алды. Елдосты бүгінгі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Ол бұған дейін Рио және Токио Олимпиадаларында да жүлдегер атанған еді. Жеңісті жолды бұл жолы да жалғастырды. Бүгін дзюдошылардың өнерін арнайы барып көрдім. Оңай болған жоқ. Олимпиадаға осал спортшы келмейді. Жарыстың алғашқы күніндегі жүлде өзге де олимпиадашыларымызға жұғысты, жеңіс жалғасты болғай", – деді Ермек Маржықпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу