Елдос Сметов финалда даңқты жапондық дзюдошының кимоносын киіп шыққан

288

Қос дзюдошы он жылдай бір-біріне қарсылас болып келген еді. 

Елдос Сметов финалда даңқты жапондық дзюдошының кимоносын киіп шыққан Фото: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалдық белдесуінде жапонның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп шыққан. Бұл туралы Такато әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елдос Сметов мен сыйлаған дзюдо кимоносын киіп шығып, чемпион атанды", - деді ол өз жазбасында. 

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Наохиса Такато Рио және Токио Олимпиадасында тұғырға қатар көтерілген. Отандасымыз 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанған сәтте, жапон балуаны қола жүлдеге ие болды. Ал Токиода Такатода чемпион атанып, отандасымыз қола жүлдеге ие болған еді. Екі спортшы жастар арасында жарыстардан бері бір-біріне қарсылас атанып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу