Елдос Сметов Париж Олимпиадасының алтын жүлдесіне таласады

458

Бұл Елдостың Олимпиада ойындарындағы екінші финалы.

Елдос Сметов Париж Олимпиадасының алтын жүлдесіне таласады Фото: Сали Сабиров

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов жартылай финалда испаниялық тәжірибелі татами шебері Франциско Гарригосты ұтып, Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елдос жартылай финалда 29 жастағы Франциско Гарригос – 2023 жылғы әлем чемпионын таза ұтты.

Финалда Елдос Сметов татами иесі, франциялық Лука Мхидземен белдеседі. 

Бұл Елдостың Олимпиада ойындарындағы екінші финалы. Бұған  дейін  ол Рио Олимпиадасында күміс медаль иеленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу