Дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
60 келі салмақтағы алғашқы айналымда Сметов нидерландылық Торнуке Чакадуамен белдесті.
Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, Торнуке үш ескерту алды. Осылайша, жеңіс Елдосқа берілді.
Келесі кезеңде Елдос Сметов украиналық Ділшот Халматовпен кездеседі. Аталған спортшы өзбек балуанын жарыс жолынан шығарған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу