Елена күтпеген жерден жеңіліп қалды

786

Монреальда (Канада) өткен WTA 1000 турнирінде Елена Рыбакина күтпеген жерден финалға шыға алмады.

Елена күтпеген жерден жеңіліп қалды

1/2 финалдық кездесуде әлемнің төртінші ракеткасы саналатын Елена әлемдік рейтингте 18-ші орында тұрған ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті. Рыбакина бірінші сетте 6:1 есебімен сенімді жеңіске жеткенімен, келесі екі сетте 1:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу бір сағат 45 минутқа созылды.

Ал финалда ресейлік теннисші Людмила Самсонова америкалық Джессика Пегуладан жеңіліп қалды. 50 минутқа созылған кездесу 1:6, 0:6 есебімен аяқталды. Самсонова үшін бұл бір жарыс күніндегі екінші кездесуі болғанын айта кеткен жөн.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бүгін жаңартылған рейтингіні жариялады. Елена Монреальдағы турнирде жартылай финалда жеңілгеніне қарамастан рейтингтегі 4-орынды сақтап қалды. Ал үздік үштікте өзгеріс жоқ: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула (АҚШ).

Жоспар бойынша енді Елена Цинциннатидегі жарысқа қатысуы керек еді. Бірақ, Цинциннатиде 13 тамызда басталған WTA 1000 Masters турниріне қатысатынына қазақстандық теннисші әзірге сенімді емес (ол екінші айналымнан өнер көрсетуі керек). Бұл туралы Монреальда (Канада) өткен турнирдің жартылай финалында ресейлік Людмила Самсоновадан жеңілгеннен кейін мәлімдеді.

"Мұны айту қиын (Цинциннатидегі турнирде ойнаймын ба, жоқ па?). Енді мен өзімді қалай сезінетінімді және қазір алған жарақаттарыма байланысты ештеңе айта алмаймын. Иә, мен кез келген шешімді қабылдауда ақылды болуым керек. Өйткені жақында АҚШ ашық чемпионаты басталады", - деді Рыбакина өз сұхбатында.

US Open (US Open) турнирі 28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу