Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

321

Әлемнің ең мықты теннисшілері Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан турнирде сынға түсуде. 

Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Турнирдің төртінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орын) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 7 эйс жасап, 9 қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың 5-еуін сәтті жүзеге асырды.

"Бұл өте маңызды жеңіс. Даянамен ойын оңай болған жоқ. Ол өте жақсы ойнады. Матчта жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді келесі кездесуімді асыға күтемін", — деді Рыбакина матчтан кейін кортта сұхбат барысында.

Ширек финалда Елена тағы бір украиналық теннисші Марта Костюкпен кездеседі. Матч 5 тамыз күні өтеді. 

Айта кетейік ширек финалға шыққан Рыбакина 107 000 АҚШ доллар сыйақы мен 215 рейтингтік ұпайға ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу