Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді сәтті бастады.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесті. Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:3, 7:5. Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.
Осылайша, Елена Рыбакина 1/8 финалға жолдама алды. Келесі кезеңде ол чехиялық теннисші Мария Боузковамен немесе испаниялық Паула Бадосамен өтетін матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, биыл Брисбендегі турнирдің жүлде қоры 1 691 602 АҚШ долларын құрайды. Турнир жеңімпазы 214 530 доллар сыйақы алып, 500 рейтингтік ұпайға ие болады. Қазіргі жарыстың чемпионы – Беларусь өкілі Арина Соболенко.