Елена Рыбакина: "15 күндік карантин өте қиынға соқты"

2420

Ертең еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші айналымында француз ракеткасы Фиона Ферромен шеберлік байқасады.

Елена Рыбакина: "15 күндік карантин өте қиынға соқты"

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінен алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ жарыс алдындағы ұзақ карантинді қалай өткізгенін Eurosport сайтына берген сұхбатында әңгімеледі.

- Екі апталық қатаң карантиннен кейін Сіз түнгі бірде жаттығуға бардыңыз. Айтыңызшы, мұндай жағдай  бірінші рет болды ма?

- Иә, мұндай жағдай алғаш рет. 15 күндік карантин өте қиынға соқты. Тіпті сұмдық дер едім. Әрине, қазір физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қиын. Енді қайталанбайды деп сенемін.

- Вера Звонаревамен кездесуде ең қиын нәрсе не болды? Ойын тәжірибесінің жоқтығы ма әлде тәжірибесі мол қарсыласпен сынға түсу ме?

- Әрине, Вера соңына дейін төтеп берді. Менің ойымша, бұл маған бәрібір қиын матч болар еді. Оның тәжірибесі мол. Бірақ карантин әсер етті. Вера өте жақсы ойнады. Сондықтан қиындықтар болды.

- Сіздің балалық шағыңыз Ресей теннисінің гүлденген шағына тұспа-тұс келеді. Шамамен 10 жыл бұрын қай теннисшіге жанкүйер болдыңыз?

- Шынымды айтсам, мен кездесулер мен турнирлерді көре алмадым. Өйткені уақыт болған жоқ. Мен көп жаттығып, уақытымның біршама бөлігін мектепте өткіздім. Шарапова сияқты жұлдыздарды, Вера Звонареваның кейбір матчтарын көрдім. Бірақ олардың әрбір матчын үзбей тамашаладым деп айта алмаймын.

Естеріңізге сала кетейік, Аустралияның ашық біріншілігінде Рыбакина ресейлік Вера Звонареваны жеңген болатын. Тартысты матч 2 сағат 5 минутқа созылды. Ертең, 10 ақпанда екінші айналымда ол әлемнің 46-ракеткасы француз қызы Фиона Ферроға қарсы ойнайды.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу