Елена Рыбакина 17 жасар ресейлік теннисшіден тағы да жеңілді

243

Ресейлік вундеркинд теннисші Мирра Андреева қарсылас шақ келтірер емес. 

Елена Рыбакина 17 жасар ресейлік теннисшіден тағы да жеңілді Фото: Getty images

Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде төртінші айналымда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте №7) 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен (№11) кездесті.

Ойын 6:1, 6:2 есебімен Андрееваның айқын жеңісімен аяқталды.

Матч 1 сағат 7 минутқа созылып, жаңбыр салдарынан 45 минутқа тоқтатылды. Андреева 2 эйс жасап, 1 қос қателікке жол берді және 12 брейк-пойнттың 6-ын пайдаланды.

Рыбакина бірде-бір эйс жасай алмады, 3 қос қателік жіберді және 1 брейк-пойнтты іске асырды. Осылайша, жеке кездесулердегі есеп ресейлік теннисшінің пайдасына 2:1.

Бұл Андреева үшін қатарынан тоғызыншы жеңіс болды. Индиан-Уэллстің ширек финалында ол украиналық Элина Свитолинамен (№23) кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпанда Дубайда (БАӘ) өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Андреева Рыбакинаны үш сетте – 6:4, 4:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Шешуші сетте қазақстандық теннисші 3:1 есебімен алға шыққанымен, басымдылықты уысынан шығарып алды. 

Бұл жеңіс ресейлік жас теннисші үшін маңызды болды. Өйткені ол финалда жеңіске жетіп, WTA 1000 сериялы турнирлеріндегі өзінің алғашқы титулын жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу